10 жастағы бала дәретхана шұңқырына түсіп кеткен қызды алып шықты

10 жастағы бала дәретхана шұңқырына түсіп кеткен қызды алып шықты
Сурет: Zakon.kz

Оқыс оқиға Алматы облысындағы Көкдала ауылында болған.

Ойнап жүрген үш жасар қыздың аяғы тайып кетіп, тереңдігі 3 метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткен, деп жазады хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz cілтеме жасап.

Сол маңайда он шақты бала ойнап жүрген. Бір топ баланың ішінде 10 жастағы Әлихан ғана бірінші болып көмекке ұмтылған. Арқанмен дәретхананың шұңқырына түскен.

Әлихан шұңқырдың түбінде тұрып, қызды белінен арқанмен байлап, жоғарыға жіберген. Газға тұншығып қалуы да мүмкін еді. Осылайша, он шақты бала кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.