Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды 

Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды 
Сурет: видеодан алынды

Жетісу облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Polisia.kz.

Күдіктілерді ұстауды Ақсу ауданының полицейлері жүргізді. Оларға бір күн бұрын бұқаны ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түскен.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жергілікті тұрғындар болып шыққан екі күдіктіні анықтай алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды. Тексеру кезінде ұсталғандардың аймақтағы тағы бірнеше мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

– Күдіктілер «ізін суытпай»ұсталды. Қазір олардың біздің ауданда болған мал ұрлығының 4 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұрын ұрланған малды олар сойып, сатып жібергені анықталды. Екеуіне де қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.