Алматыда жол-жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады

Алматыда жол-жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады
almaty-akshamy.kz

Алматыда ағымдағы аптада жасалатын орташа жөндеу жоспарлары туралы айтылды

Алматыда жолдарды жөндеу жалғасуда, оның аяқталуы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі ағымдағы жылдың 86% - дан 89% - на дейін ұлғаяды.

Ағымдағы аптада Абай және әл-Фараби даңғылдарының кейбір учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Айта кетерлігі, жұмыстар қолайлы жағдайларда және дайындық жұмыстары на байланысты жүргізіледі. Ауа райына қатысты кестеге өзгерістер енгізілсе, онда БАҚ арқылы хабарланатын болады.

Абай даңғылы бойынша:  Мәселен, қолайлы ауа-райы жағдайында 13 шілде сағат 22-00-ден 15 шілде сағат 07-00-ге дейін Абай даңғылының шығыс бағытында Розыбакиев көшесінен Әуезов көшесіне дейін асфальтбетон төсеу  үшін қозғалыс толығымен жабылады. Айналма жол Брусиловский, Тұрғұт Озал, Мыңбаев, Жамбыл, Сәтпаев, Жандосов, Манас, Байзақов көшелерімен қамтамасыз етіледі. Ескерту, қолайлы ауа-райы жағдайында.

әл-Фараби даңғылы бойынша:

Сондай-ақ, қолайлы ауа-райы жағдайында асфальтбетон жабынының төселуіне байланысты 15 шілдеде сағат 22-00-ден 17 шілде сағат 07-00-ге дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпірден Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылы бойымен қозғалыс жабылады. Айналма жол Қаппаров, Жамақаев және Сейфуллин даңғылдары бойынша жүзеге асырылады.

 Сондай-ақ, 13 шілдеде таңғы сағат 06:00-ден бастап Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ашылатынын хабарлаймыз, мұнда полимерасфальтбетонды пайдаланып орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл полимерлер жолға және жарыққа, битумды жууға төзімділікті арттырады, сонымен қатар жол төсемінің қызмет ету мерзімін ұзартады, асфальтбетон төсемінің беріктігі мен аязға төзімділігін арттырады.

Еске салсақ, бұған дейін Абай даңғылында Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін, Тілендиевтен Розыбакиевке дейін, әл-Фараби даңғылында Торайғыров көшесіндегі  жолайрығынан Жароков көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.

Жол жөндеу  2023 жылға жоспарланған жұмыстар жаясында жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл қала жолдарының бізге ұзақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Бағыттарды алдын ала белілеп алуды өтінеміз.


Алматы қалалық мобильділік басқармасы