Еуропада қазақ тіліне сұраныс күннен күнге артып келеді

Еуропада қазақ тіліне сұраныс күннен күнге артып келеді Сурет видеодан алынды

Бельгиялық студент  Стейн Ромбоут 5 жылдан бері қазақшаны ғаламтордан үйреніп жүр,  деп хабарлайды Almaty -akshamy. kz.



2018-дің жазында елге алғаш сапарлап, Алматы, Шымкент пен Түркістанды асықпай аралаған. Ұлы дала еліне, қазақ тіліне деген махаббат сол сапарда оянды, дейді өзі.


«Қазақстан өте қызықты ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Бес жыл бұрын Қазақстанға турист ретінде бардым. Маған қазақ табиғаты қатты ұнады. Қазақтар да өте қонақжай»,  - дейді «Ku leuven» университетінің студенті Стейн Ромбоут.


Қазақтың мәдениеті мен тарихына терең бойлағысы келетін Стейннің қазақша аты-Сырым. Сырым Датұлы сияқты батыр, батыл болсам деп осы есімді таңдағанын айтады. Ғаламтордан қазақ тілін үйренгелі Абайдың шығармаларын қазақша оқуға тырысып жүр.


«Мен түрікше білемін, сондықтан қазақ тілін үйрену онша қиын емес. Бірақ, әлі де грамматика қиын болуы мүмкін. Оқулығым бар. Күніне елу сөз қайталаймын. Маған «мәссаған» деген сөз ұнайды»,  - дейді Стейн.
Түрік, француз, нидерланд, ағылшын, қытай, албан тілдерін білетін Сырымның ендігі арманы-қазақ тілін жетік меңгеру. Мақсатына қол жеткізу үшін қазір Бельгиядағы қазақ жастарымен достасып, қазақша сөйлесіп жүр. Болашақта Қазақстанда тұрып, біраз жыл тіл маманы ретінде жұмыс істегісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21