Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан кейін не істеу керегін айтты

Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан кейін не істеу керегін айтты
Сурет: Hospital Sant Joan de Déu

Маған жұқпайды деген оймен қапы қалғаннан гөрі, «сақтансаң, сақтаймын» дегенді басшылыққа алған жөн.

Мұндай кеңесті Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, жалпы тәжірибелік дәрігер Алексей Хухрев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болған кезде сақтық шарасы ретінде С және D дәрумендерін қабылдап, мұрынды шайыңыз. Мұндай кеңесті Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, жалпы тәжірибелік дәрігер Алексей Хухрев айтты.

Оның пайымдауынша, жұқтыру қаупін елемеуден гөрі сұқбаттасушыда COVID-19 бар деп ойлап, соған сәйкес әрекет еткен дұрыс.

«Кейбір дәрігерлер интерферон альфаны мұрынға тамызуға болатынын айтады және бұл ауру адаммен байланыста болғаннан кейін коронавирустық инфекцияның даму ықтималдығын азайтады. Мүмкін бұл көмектесетін шығар, бірақ бұл болжамды растайтын нақты деректер әлі жоқ. Кез келген жағдайда С дәрумені мен D дәруменін ішудің зияны жоқ деп ойлаймын. Мұрынды шаюға да болады», - деді Хухрев.

Дәрігердің айтуынша, болжалды коронавирус тасымалдаушысымен байланыста болғаннан кейін 7-10 күн ішінде сіз өз денсаулығыңызды мұқият бақылауыңыз керек. Егер сізде инфекция белгілері болса, дәрігермен кеңесу керек. Сонымен қатар, егер коронавирустың "омикрондық" штамы бар науқаспен контакт болған болса, оның инкубациялық кезеңі басқа нұсқаларға қарағанда қысқа болғандықтан, симптомдардың пайда болуы да тез.

«Егер сіз "омикронды" жұқтырған адаммен байланыста болсаңыз, онда белгілер бір-екі күнде пайда болуы мүмкін немесе болмауы мүмкін, бірақ біз әзірге біздің елде "омикронның" қаншалықты таралғанын нақты біле алмаймыз», - деді ол.

Дәрігер вакциналау арқылы COVID-19 індетін жұқтыру қаупін азайтуға болатынын атап өтті. Хухревтың айтуынша, вакциналау аурудан жүз пайыз қорғай алмаса да, аурудың ауыр ағымын болдырмауға көмектеседі.

Бұған дейін Чехияның халық әншісі Хана Хорка екпе алмағандарға шектеу қоймас үшін әдейі коронавирус инфекциясын жұқтырғаны және қайтыс болғаны белгілі болған. Өлімінен бірнеше күн бұрын Хорка өзінің сауығып жатқанын хабарлады, ал қайтыс болған күні денсаулығының жақсарғанын жазды. Кейін оның арқасы ауырды. Әнші төсекке жатуға бел буып, он минуттан кейін тұншығып өлді.