Хайуанаттар бағы Қала күнімен құттықтады

Хайуанаттар бағы Қала күнімен құттықтады
Cурет: Instagram.com/almatyzoo

Алматы – баршамыздың сүйікті қаламыз.

Алматы қаласының Хайуанаттар бағы Қала тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!
Алматы хайуанаттар бағы сіздерді – Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Алматы – өзінің ерекше әсемдігімен, сұлу көркімен, қонақжайлылығымен баурап алатын баршамыздың сүйікті қаламыз.
Қалаға сән беріп тұрған заңғар таулар, жасыл желекті ормандар, өзен-көлдер – әрқайсымыздың бойымызға айрықша күш-қуат беріп, жан-жүрегімізге жайлылық сыйлайды. Айналамыздағы осындай байлықты сақтап, қадірлеп жүрейік! Мереке құтты болсын достар!», - деп жазды мекеме инстаграмдағы өзінің парақшасында.