Жеті жол ақылы болады

Жеті жол ақылы болады
Сурет: Аrnapress.kz

Ұлттық компанияның мәліметінше, осы 7 учаскеде ақы алу жүйесі соңғы тестіден өткен.

23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осылайша бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент және Щучье - Көкшетау бағыттарындағы 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық жолдар ақылы болады.

Осы күнге дейін жүргізушілерден ақы алынған жоқ. Өйткені мұның алдында жүйе тестілеуден өткен болатын.