Мамандар Гүлмира Сатыбалдының қандай күдікке ілінгенін айтты

Мамандар Гүлмира Сатыбалдының қандай күдікке ілінгенін айтты
Сурет: Facebook.com

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ретте мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына да қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

«Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы "Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген Агенттік таратқан хабарламада. 

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

 Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.