Алматыда жыл сайын 6 жаңа мектеп салу қажет

Алматыда жыл сайын 6 жаңа мектеп салу қажет
Сурет: Yandex.kz

Бұл тапшылықты 68%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін 46,3 мың орындық 71 мектеп пен қосымша құрылыстар салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021-22 оқу жылының соңында оқушы орындарының тапшылығы 19,6 мыңды құрады.

Жаңа оқу орындарын салу қазіргі заманғы материалдарды, оның ішінде жабдықтар мен жиһаздардың толық жиынтығын қолдана отырып, бірыңғай стандартты көздейтін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылатын болады.