Жетісу ауданында келесі жылы 27 учаскеге арық желілерін салу жоспарланған

Жетісу ауданында келесі жылы 27 учаскеге арық желілерін салу жоспарланған
Сурет: Zakon.kz

Көшелерді су басу мәселесі біртіндеп шешімін таппақ

Бұл жайында Алматы әкәмә Ерболат Досаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Өткен кездесулерде Жетісу ауданының тұрғындары жеке секторды, атап айтқанда Рабочий кентіндегі су басу мәселесін көтерген болатын.

Аудан әкімдігінің күшімен Брюсов көшесіндегі үйлерді үнемі су басу проблемасы жойылды.
Қосымша 16 мекенжайда ұзындығы 7,1 км арық реконструкцияланды.
Сонымен қатар ауданда қатты жауын жауған кезде тұрақты су басатын 8 учаске бар.

Төтенше жағдай желісі бойынша бұл проблеманы шешу үшін ұзындығы 7,2 км арық желісін салу, 2,2 км коллекторды қалпына келтіру және 2,5 км Есентай каналында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Келесі жылы Экология және қоршаған орта басқармасының желісі бойынша ұзындығы 27 км болатын 27 учаскеге арық желілерін салу жоспарланған.