Желтоқсанда неше күн демаламыз?

Желтоқсанда неше күн демаламыз?
Сурет: Іnform.kz

Алдағы айда еліміз үшін елеулі мереке – Тәуелсіздік күні тойланады.

Желтоқсанда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні сәрсенбі күні демалады.

Биыл Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді. 18-19 желтоқсан сенбі-жексенбі болғандықтан, 4 күн қатарынан демалыс болмақ.

31 желтоқсан жұмаға сәйкес келеді. Бұл күн – ресми түрде жұмыс күні.

Жаңа жылда, яғни 2022 жылдың 1-4 қаңтары аралығында төрт күн демалыс болады. 7 қаңтар – Рождество мерекесі жұмаға сәйкес келеді.