Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: Celes.club

Қазақстанның шығысында түнде 25-34 аяз болады. 

«Қазгидромет» мамандары 13-15 желтоқсан күндері ауа райының қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады.

«Антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі болжанады», -  делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 градусқа дейін аяз, күндіз 15-28 градусқа дейін аяз, орталықта түнде 18-33 градусқа дейін, күндіз 13-23 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 25-34 градусқа дейін аяз, күндіз 20-30 градусқа дейін аяз, ал еліміздің батысында түнде аяз 0-8 градусқа дейін, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін төмендейді, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 градус аяз болады, күндіз 7 градус аяз - 3 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.