Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
Сурет: Olympic.kz

14 жасқа дейінгілер арасында үздіктерді анықталды.

Бүгін ITF 18 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, сондай-ақ Tennis Europe қауымдастығы 14 жасқа дейінгілер арасында үздіктерді анықтады. 

Жасөспірімдер арасында Максим Батютенко 83-тен 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар 198-ші, Даниил Фелькер 236-шы, Даниал Рахматуллаев 239-шы, Әмір Омарханов 424-ші сатыда келеді. 

Қыздар арасында үздік жүздікке енген Аружан Сағындықова 82-ші орынға жайғасты. Сандуғаш Кенжебаева 119-шы, Дана Бәйдәулет 160-шы, Жанель Рүстемова 165-ші, Еркежан Арыстанбекова 209-шы, Айя Нұпбай 315-ші, Асылжан Арыстанбекова 417-ші, Іңкәр Дүйсебай 434-ші орында тұр. 

Tennis Europe қауымдастығының 14 жасқа дейінгі ойыншылар рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, ал чемпиондық кестеде бесінші сатыда келеді. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай (43-ракетка) мен Даниэль Тазабековтің (55-ракетка) рейтингісі де жоғары. Қыздар арасында Софья Исакова (110), Ева Корышева (223), Ариана Гогулина (313) және Сәтима Төрегенге (377) өз көрсеткіштерін жақсарту үшін аянбай тер төгуге тура келеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондон турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.