Алматыда иммундық қабат 60%-дан аспайды

Алматыда иммундық қабат 60%-дан аспайды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Ол Алматыда дерттің тұрақты төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Алматы, Қазақстанның басқа өңірлері сияқты, эпидемиологиялық  ахуалды бағалау матрицасының «жасыл» аймағында орналасқан. Жұқтыру жағдайларының тәуліктік тіркелуі төмендеді. Өткен тәулікте КВИ-дің 15 жағдайы тіркелді, бірақ бұл демалуға және карантиндік шараларды елемеуге себеп болмайды. Барлығын жабық бөлмелерде маска режимін сақтауға шақырамын, себебі бұл талап міндетті болып қала береді», - деді Ә. Қалықова.

Спикер атап өткендей, сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі қаладағы қолданыстағы шектеулерді, соның ішінде Ashyq жобасы бойынша шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Әсел Қалықова қала тұрғындары үшін КВИ-ден вакцинациялау және қайта вакцинациялау әлі де маңызды екенін атап өтті. Иммундық қабатқа кемінде 75-85% жету керек.

«Бүгінде вакциналық  профилактика жұқпалы және паразиттік ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы негізгі қорғаныс шарасы болып табылады», - деп атап өтті СЭБД басшысының орынбасары.

Эпидемиолог ревакциналануды кешіктірмеу, маска режимін сақтау, дезинфекцияны жүргізу және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті.