Желтоқсанның қай күндері магниттік дауыл болады?

Желтоқсанның қай күндері магниттік дауыл болады?
Сурет: Мiloserdie.ru

Желтоқсан айының басында магниттік дауыл соғады. Бұл кезде ауа райына тәуелді адамдардың басы ауырып, ұйқысыздық мазалап, созылмалы дерттері өршуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, магниттік дауыл желтоқсан айының басында болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аif.ru-ға сілтеме жасап.

Дауылды күндер қашан келеді және оған қалай дайындалу керек?

Мамандардың айтуынша, ауылдың шыңы 5 желтоқсанда болады, оның деңгейі тоғыздан бес баллға (9/5) жетуі мүмкін. 6 желтоқсан күні сәл төмендеп, шамамен төрт балл болады.

Күн екі аптаға жуық тыныштық тапқанымен, 17 желтоқсанда геомагниттік ауытқулар қайтадан басталып, күші бес балл болады.

Одан кейін 24-28 желтоқсан аралығында тағы да магниттік дауыл болуы мүмкін деп болжанды. Оның әсері әдетте ауа-райын  елемейтін адамдарға да сезіледі. 30-31 желтоқсанда тағы да дауыл болады. Бірақ, бұл жолғы дауылды тек ауа райына тәуелді адамдар ғана сезінеді.

Ауа райына тәуелді адамдарға кеңес

Егер адамның жүрек-қантамыр жүйесіне байланысты созылмалы аурулары болса, онда магниттік дауыл кезінде жұмыс пен демалыс кестесін қатаң сақтауы керек. Жұмысты түнге қалдырмаған жөн және көп ұйықтаудың да қажеті жоқ, сонымен қатар майлы, қуырылған және тұзды тағамдарды жеуге болмайды. Су ішу режимін және қан қысымыңызды тексеруді ұмытпаңыз. Мамандар магнитті дауыл соққан күндері физикалық белсенділікті барынша азайту керек деп отыр. Сонымен қатар бастың ауыруы әбден мүмкін екендігін ескертті. Стресс деңгейін де мүмкіндігінше азайтқан жөн. Сондай-ақ тағамға көкөністер мен жемістерді көбірек қосуды ұмытпаңыз. Көлік жүргізу мен ішімдік ішуден бас тартқан дұрыс.