Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды
Inform.kz

«Орал» халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Света Ғаниеваның мәлім еткеніндей, Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан «Орал» халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс түскен. Бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың 7-сессиясында қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Тиісті шешім қабылданды.

«Енді ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Ғаниева.