33-жазғы Олимпиадаға дайындық барысы пысықталды

33-жазғы Олимпиадаға дайындық барысы пысықталды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және ел спортшыларының Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындығы мен қатысуы бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтуде.

Басқосуға өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, республикалық федерация өкілдері, ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

 Жиын барысында қатысушылар күн тәртібінде тұрған бес мәселені талқылайды.

Олар:1. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда спортшыларының лицензиялық жарыстарға және 2024 жылы Парижде өтетін 33 жазғы Олимпиадаға дайындық барысы

2. Қазақстанда спорттық медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін

3. Спорттағы допингке қарсы бағдарламасы

4. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесі

5. Саланы дамытудың негізгі міндеттерін айқындау

Жиын барысында министр спортшылардың көрсеткен нәтижелеріне көңілі толлмайтынын жеткізді. 

 Ең кейінгі Олимпиада мен Азия ойындарының нәтижелері көңіл көңшітпейді. Жылдан жылға қаржыландыру көлемі артып жатқанымен, өкінішке қарай, спорттық көрсеткіштер мен тиімділік төмендеп жатыр. Осының барлығы спорт саласындағы қордаланып, шешімін таппай келе жатқан проблемалардың бар екенін көрсетеді. Осы орайда, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажет екеніне баса назар аударып, саланың стратегиялық дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Әріптестер, алдымызда үлкен жауапкершілік жүктеліп тұр. Ол – төртжылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадсына даярлық. Сонымен қатар келесі жылы өзге де бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған, деді Ермек Маржықпаев.

Ермек Маржықпаев елордадағы алқалы жиында спорттық медицина мәселесіне де ерекше тоқталып өтті.

«Спорттық медицинаның қазіргі таңда өзекті және маңызды бағыт екенін мойындауымыз керек. Қарқынды дамып келе жатқан спорт әлемінде спортшыларды дайындауда ең озық технологиялық әдістер мен құралдар, оның ішінде оларды сауықтыру мен қалпына келтіруде қолданылады. Өкінішке қарай, біздің спорттық медицина заманауи талаптарға сай емес. Кеше бұл саланың проблемалары мен дамыту перспективалары талқыланған болатын», - деді министр.