Демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады

Демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады
Сурет: Ktk.kz

Бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

«Жаңбыр жауады. 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін жылы болады», - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағаны 15-26 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстігінде 27-37 градусқа дейін жылы болады, ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында температура 22-32 градусқа дейін көтеріледі.