Жексенбі күні Алматыда қатты жаңбыр жауады

Жексенбі күні Алматыда қатты жаңбыр жауады
Сурет: Ашық дереккөз

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді

12 наурызда Алматыда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті қалада 12 наурызда күндіз қатты жаңбыр жауады деп хабарлады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сонымен қатар 10-12 наурыз аралығында қардың қарқынды еруі мен ағынның қалыптасуы, мұз еруі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте ағын мен су басуы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері қандай ауа райы болатынын хабарлаған еді.