Жексенбі, 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жексенбі, 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазгидромет ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қармен бірге жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі», — деп жазды ведомстводан мамандар.