Жаз басталғалы елімізге келуші туристер саны көбейген

Жаз басталғалы елімізге келуші туристер саны көбейген
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«еQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша 1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің қонақ үйлерінде 250 468 шетел азаматы тоқтаған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 еседен артық. 2022 жылы осы кезеңде 77 645 шетелдік турис отандық қонақ үйлерде демалған», - делінген Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, ТМД елдерінен келген туристер саны 180 мың немесе 72% болған. Бір қызығы, былтыр дәл осы көрсеткіш 77% болған еді. Яғни, алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.

Мәселен, Моңғолиядан 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін) Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), сондай-ақ АҚШ-тан 2,2 есе (1 237/2 761) өсті.

Шетелдік туристердің елімізге демалуға келетін басты бағыттары: Алматы қаласы (1 маусым мен 23 шілде аралығында – 77 308 турист), Астана қаласы (38 463 турист), Алматы облысы (19 049 турист) және Маңғыстау облысы (15 062 турист).