Қазақстандық семсерлесуші әлем чемпионатында олжалы болды

Қазақстандық семсерлесуші әлем чемпионатында олжалы болды
Сурет: Olympic.kz

Италияның Милан қаласында семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Құрбанов қола медальді жеңіп алды.

22 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін созылатын әлем чемпионатына 155 елден мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Аталған әлем чемпионатында үздік атанғандар Париж олимпидасына қатысу үшін рейтингілік ұпайларға ие болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов аустриялық Жозеф Махрингер мен даниялық Сейбае Конрадты жеңді, содан соң, олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің бес дүркін жеңімпазы, франциялық Янник Борельді ұтты, ширек финалда италиялық Валерио Куомоны сүріндірді, Тек жартылай финалда мажарстандық Мате Кохқа есе жіберіп, қола жүлдеге қол жеткізді.  

Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткеніндей, бұл қола жүлде - семсерлесу спортынан әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.