Алматы тауларында сел жүру қаупі бар

Алматы тауларында сел жүру қаупі бар
Сурет: Tengrinews.kz

ТЖМ ескертеді. 

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

28 шілдеде Алматы қаласы және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары:
- таудағы жағдай туралы БАҚ хабарларын үнемі қадағалап отырыңыздар;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіздер;
- демалуға тоқтамаңыздар және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) лагерьлер құрмаңыздар» делінген ескертуде.