Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолға қойылған
Сурет: Kolesa.kz

Қажеттілікке байланысты әкімдік осы жылдың мамыр айының соңына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап, тағы 16 бағдаршам объектісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жоспарлап отыр.

Өткен жылы Байсейітова (5), Абылай хан (2), Тілендиев (1), Бөгенбай батыр (1), Төле би (1), Розыбакиев (1), Құрманғазы (1), Гоголь (1) көшелеріне 13 жаңа бағдаршам орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен жылы бұған дейін жарықтанбаған ауданның 14 көшесіне сыртқы жарықтандыру желілерін салу бойынша жұмыстар аяқталды және Байтұрсынов (Мақатаев көшесінен Абай даңғылына дейін) пен Розыбакиев (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін) көшелерінде сыртқы жарықты модернизациялау жүргізілді. Биылғы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін және алдағы уақытта жарықтандыру желісін салу үшін жарықтанбаған 10 көшеден тұратын тізім әзірленді.  

Сонымен қатар, әкімдік 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялау мен салу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.