Жатыр мойны обыры - вакцина арқылы алдын алуға болатын онкологиялық аурулардың жалғыз түрі

Жатыр мойны обыры - вакцина арқылы алдын алуға болатын онкологиялық аурулардың жалғыз түрі
Сурет: Gov.kz

Жыл сайын жатыр мойны обырынан 600-ге жуық өлім тіркеледі.

Ал жыл өткен сайын бұл қатерлі аурудың 1700-ден астам жаңа жағдайы анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін сүт безі обырынан кейінгі онкопатологияның құрылымында жиі кездесетін жатыр мойны обыры туралы хабардар болуды арттыру апталығына арналған іс-шаралар басталады.

Апталық 16 қаңтарда ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, "Қазақ онкология және радиология ҒЗИ" АҚ Басқарма төрағасы, м.ғ. д. Д. Р.Қайдарованың қатысуымен жатыр мойны обырына шалдығу және қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша баспасөз конференциясынан басталды.

Жатыр мойны обыры - бұл АПВ-дан вакцина алу арқылы алдын алуға болатын онкологиялық аурулардың жалғыз түрі болып табылады. Қазақстанда қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау 2024 жылы басталады.