Жасанды интеллекті қадағалау күшейтілмек

Жасанды интеллекті қадағалау күшейтілмек
Сурет: ашық дереккөз

Әлем елдері жасанды интеллекттен келер қауіпті азайту үшін күш біріктіруге көшті.

Жақында Ұлыбританияда өткен саммитте «Блетчли декларациясы» қабылданды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оған АҚШ, Еуропалық Одақ және Қытай қосылды. Құжат жасанды интеллектен тууы мүмкін қауіп-қатерді саралап, олардың алдын алу үшін бірлесіп әрекет етуді қарастырады. Тараптар, сондай-ақ, осы салада бірлескен зерттеулер жүргізуге келісті.

Йошуа Бенгио, ғалым: - Қазір біз жасанды интеллект бойынша қоғамға еш нұқсан келтіремйтін қауіпсіздік жүйесін құру жағын талқылауымыз қажет. Оны қорғау жағын да ескеру маңызды. Бұл үлкен мәселе.

Америкалық сарапшылар жасанды интеллект елдегі демократиялық процесстерге нұқсан келтіруі мүмкін дейді. Мәселе Нью-Йоркте өткен технологиялық конференцияда талқыланды. Мамандардың пікірініше, АҚШ-та келесі жылы өтетін сайлауларда нейрожүйлер арқылы жалған ақпарат тарату көбеюі ықтимал. Жақында "Мета" компаниясы да келесі жылдан бастап саяси жарнамаларда қадағалауды күшейтетінінін мәлімдеді.