Елімізде жыл бойы жұмыс істейтін 15 демалыс орны пайда болады

Елімізде жыл бойы жұмыс істейтін 15 демалыс орны пайда болады
Сурет: Tourister.ru

Жаңадан ашылатын демалыс орындарының саны -15

Олар СҚО-да пайда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Жаңа туристік нысандар «Имантау-Шалқар» курорттық аймағында ашылады. Қазір олардың саны 6-ға жетті. Биыл қаңтар айынан бастап туризм саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға ие болады. Субсидия нысандардың құрылысына ғана емес, сондай-ақ оларды қайта жаңартуға да қарастырылған. Шығындарды өтеуге өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Ол биыл қолданысқа енгізілген нысандарға беріледі.

«Бұл қаржы туристік объектілерді салуға және қайта жаңғыртуға кеткен шығындардың бір бөлігін өтейді. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерге сараптама қорытындысы көрсеткен соманың 10% көлемінде субсидия қарастырылған. Егер туристік мақсатқа көлік алсаңыз - 25%, ал жол бойындағы сервистік объектілерді салуға 10% көлемінде демеуқаржы бөлінбек. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңгеден беріледі», - дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев.