Жарты жылда қос азаматтығы бар 233 адам анықталды

Жарты жылда қос азаматтығы бар 233 адам анықталды
Сурет: Ratel.kz

Көші-қон заңнамасын бұзған 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Жыл басынан шетелдіктер мен қазақстандықтардың жасанды және өзге адамның құжатын пайдалануының 150 фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек шекарашылар жалпы сомасы 2,5 млрд құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алдын алды.

"Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.