Жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі азайды

Жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі азайды
сурет:promoatlas.ru

Еліміз бойынша жарнама қызметтерінің ең көп көлемі Алматыда көрсетілген.

Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 228,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ұлттық статбюро мәліметінше, өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда көрсетілген.

Мәселен, өткен жылдың 9 айында қалада 169,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.

Екінші орында Астана, онда 25,7 млрд теңгеге жарнама қызметі көрсетілді.

Үшінші орында — Қарағанды облысы, мұнда қызметтің бұл түрі 12,8 млрд теңгеге көрсетілді.

Өз кезегінде жарнама агенттіктері көрсеткен қызметтер көлемі 185 млрд теңгені, БАҚ-та жарнама орналастыру қызметінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.