Жанкешті жұмысшылар

Жанкешті жұмысшылар
Сурет: интернеттен

Әсіресе әйелдер ауырып тұрса да, жұмыстан қалмайды.

«Қанша қазақстандық ауырып тұрса да жұмыс істейді?» деген hh.kz сайтындағы сауалнамаға  1380 адам қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның 67 пайызы – әйел, 45 пайызы – ер адам.

2023 жылы қазақстандықтардың жартысынан көбі (56%) денсаулық жағдайына қарамастан жұмысын жалғастырған. Әсіресе әйелдер ауырып тұрса да, уақытын жұмыста өткізген.

Сауалнама нәтижесі бойынша денсаулығына қарамастан кеңсеге барып жұмыс істеген қызметкерлер:

Сату менеджерлері - 71%;

Әкімшілік қызметкерлері (байланыс орталығының қызметкерлері, әкімшілер және т.б.) - 61%;

Маркетологтар - 45%.

Респонденттердің басым бөлігі (76%) қалыпқа келу үшін қосымша демалыс күндерін қажет етеді. Олардың 43 пайызы екі-үш күн жеткілікті деп есептесе, 23 пайызы үш-бес күн, ал 15 пайызы бір апта демалғысы келетінін айтқан.

Бұдан Қазақстандағы жұмысшылардың физикалық жағдайы ғана емес, эмоционалдық күйінің еңбек өнімділігіне әсер ететінін аңғару қиын емес.