Жаңажылдық электр пойызы 16 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

Жаңажылдық электр пойызы 16 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті
Сурет: Elorda.info

Тақырыптық жаңажылдық электр пойызы Щучье-Бурабай курорттық аймағына 16,3 мыңнан астам жолаушыны жеткізген.

Жаңажылдық дизайндағы электр пойызы 2022 жылдың 22 желтоқсанында рейске шыға бастаған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жаңажылдық экспресс Астана-Курорт-Бурабай бағыты бойынша соңғы сапарды 15 ақпанда жасайды. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін 6 вагон тартылды. Алғаш рет жаңажылдық мерекелерге арналған тақырыптық құрам 2020 жылы жолға шықты және оны жолаушылар жылы қабылдады», – делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарламасында.