Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр

Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр
www.inform.kz

Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ.

Форум - Еуразия құрлығы аумағындағы ұлттық және трансшекаралық нарықтарды монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес өкілдерінің өзара практикалық тәжірибе мен пікір алмасуы үшін салмақты халықаралық алаң.

VII форумның негізгі тақырыптары:

- Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың және тергеу жүргізудің жаңа тәсілдері;

- Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік бұзылған жағдайда нарық субъектілерінің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктері;

- Бәсекелестер арасындағы дауларды шешу тәжірибесі;

- Нарық субъектілерінің мүдделерін қорғау практикалық сұрақтары;

- Монополияға қарсы комплаенс – монополияға қарсы тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі.