Емдік қасиеті бар ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр

Емдік қасиеті бар ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр
Сурет: Egemen.kz

Чилиде Квиллей ағашынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде

Бұл іспен жергілікті компания айналысады. Оны әзірлеуге америкалық Novavax компаниясының британдық филиалы тапсырыс берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Белгілі болғаны, ковидке қарсы препарат әзірлеуге дәл осы ағаштың қабығындағы белсенді заттар қолданылады екен. Яғни олар алдымен кептіріліп, кейін ұнтақталады.

Жалпы, өткен айдың соңында аталған компания дәл осы дәріні сынаудың үшінші кезеңін бастаған еді. Оған 18 бен 84 жас аралығындағы 10 мың ерікті қатысады.