Жамбыл облысында 5 адам газдан уланып қалды

Жамбыл облысында 5 адам газдан уланып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйде 7 адам уланып қалды, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz.

«Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу себебінен 5 адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Келеңсіз оқиға түтін мұржасы тазартылмағандықтан болды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Биылғы жылдың 6 наурызында Абай облысы Аягөз қаласында Линейная көшесінде екі ер адам газдан уланды.