Жалған құжат жасағандар үшін жаза күшейеді

Жалған құжат жасағандар үшін жаза күшейеді
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда көліктерді жалған техникалық тексерістен өткізгендерге жаза қатаңдатылады.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айтуынша, қазір тиісті заңға өзгеріс енгізіліп жатыр. Енді автокөлікті қарамай, оның жабдықтарын тексермей, рұқсат құжатын беру деректері ерекше бақылауда болады. Жалған куәлік алуға тырысқандар да жауапқа тартылады. Оларға айыппұл салу қарастырылған.