Жалайыр көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Жалайыр көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: Nur.kz


Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 тамыз сағ. 23:00 мен 23 тамыз сағ. 07:00 аралығында Жалайыр көшесінің Аршалы көшесінен Ұлжан шағын ауданының кіреберісіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады.  

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.