Жәнібектің жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жәнібектің жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Сурет: ашық дереккөз

Жексенбі, 14 мамырда, таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.

Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде "Хабар" телеарнасынан көре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген: ол британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.