Жәмила Бақбергенова әйелдер арасында Азияның үздік балуаны атанды

Жәмила Бақбергенова әйелдер арасында Азияның үздік балуаны атанды
Сурет: Ашық дереккөзі

Азия бірлескен күрес әлемі (UWW Asia) 2022 жылдың үздік балуандарын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова "Әйелдер күресі" аталымы бойынша "Азияның үздік балуаны" атанды.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Ж.Бақбергенова сондай-ақ жуырда Қазақстан бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, қырғызстандық Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен үздік шықты. Ал жапониялық Таиси Нарикуни еркін күрестен үздік деп танылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын балуан қыз Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанғанын жазған болатынбыз.