Зейнетақы жарналарын жұмыс беруші өз есебінен аударады

Зейнетақы жарналарын жұмыс беруші өз есебінен аударады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгіннен бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылары үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі. Атап айтсақ:

2024 жылы – 1,5%;
2025 жылы – 2,5%;
2026 жылы – 3,5%;
2027 жылы – 4,5%;
2028 жылы – 5,0%.

Осылайша, жұмысшылардың зейнетақы шотына қосымша жарналар түсіп тұруы тиіс.

Қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аудару әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.