Коронавирус пневмониясынан 46 адам емделіп шықты

Коронавирус пневмониясынан 46 адам емделіп шықты
Cурет: Ашық дереккөз

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясының белгісі бар 21 жағдай тіркелді

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты 21 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«4 желтоқсанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы тіркелді. Оған қоса 46 адам емделіп шықты. 2020 жылы наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 82 976 адам, 5 163 науқастың өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 74 609-ға жетті», - делінген хабарламада.