Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді aikyn.kz

2022 жылғы 26 ақпандағы ШОБ субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Оның ішінде 718,1 млн теңгеге берілген 80 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 109,7 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.


Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 140,4 млн теңге сомаға 890 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңгеге 459 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 864,6 млн теңгеге 431 өтінім.


Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті. «ИнфоКазахстан» электронды платформасына кәсіпкерлерден 2 700-ден астам өтінім келіп түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12