Зейнетақы салымшыларының жинағы 15 триллион теңгеден асты

Зейнетақы салымшыларының жинағы 15 триллион теңгеден асты

Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 триллион теңгеге жетті.

Ranking.kz порталының дерегінше, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4%-ке немесе 1,5 триллион теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сонымен қатар инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.

  • Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі 11,1%-ке артып, 14,7 триллион теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97%-і.
  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21%-ке артып, 466,4 миллиард теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда — 2,8 триллион теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5%-і. Одан кейін Астана — 1,4 триллион теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді — 1,2 триллион теңге.

Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент қаласы (1,2 триллион теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 миллиард теңге) да кірді.