«Зерделідегі» сүрілген үй орнына саябақ салынады

«Зерделідегі» сүрілген үй орнына саябақ салынады
almaty-akshamy.kz

«Зерделідегі» тоғыз қабатты үйлер 2012-2016 жылдардың аралығында салынған. Көп ұзамай алғашқы үйлер сыр бере бастады. Одан кейін өзге үйлер де осылай қисая бастады.

Мамандардың зерттеуінен кейін «Зерделідегі» 30 үйді күшейту туралы шешім қабылданады. Бүгінгі күні ғимараттардың іргетасы жөнделіп, үйлер түзетілді.
 Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандарының қорытындысына сәйкес күшейтілген үйлер пайдалануға жарамды. Қала әкімдігі де ғимараттардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп, құрылыс нормаларына сай екенін растап отыр.  

- Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы көпқабатты 30 үйдің алдын сырлап, аумақтағы абанттандыру жұмыстарын  аяқтады. Сонымен қатар 2022 жылдан аяқталмай қалған екі тұрғын үй сүрілді. Олардың орнына саябақ ашу жоспарланып отыр, - дейді қалалық құрылыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Айдар Нұрғожаев.