Елімізде 150-ге жуық адамның басында бір емес, жиырмадан астам баспанасы бар

Елімізде 150-ге жуық адамның басында бір емес, жиырмадан астам баспанасы бар
Сурет: Ardak.kz

 «Отбасы банк» үй иелері жайлы тың ақпарат жариялады.

Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы, 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден, 607 мың азаматта екі пәтерден бар. Үш үйі барлардың саны 84 мыңнан асады. Төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың. Бесеуден – 4800 адам, 6 пәтері барлар - 1900, 7 баспананың иелері - 942 адам. Ал 147 адамда 20-дан аса баспана тіркелген.