Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғаса береді

Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғаса береді
Сурет: Batys.info

5 жылда заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық істер 5,5 есе төмендеген.

Бұған қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген кешенді жұмыстар себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған құқық бұзушылықтар саны 3 есе, заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істер 7 есе азайған. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер атын жамылған 4 заңсыз ойын сайты анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Арам пиғылын әлеуметтік желілер арқылы орындап отырғандар да бар. Биыл "TikTok" желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясын жүргізген 177 аккаунт анықталды. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған.

«2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталды. Агенттік Ақпарат комитетімен және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарын жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді», -  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.