Аудандағы трансформаторлардың жартысынан көбі жеке меншік

Аудандағы трансформаторлардың жартысынан көбі жеке меншік
Сурет: Facebook.com

Олардың бағасы қалалық тарифтерден 2 есе жоғары.

Наурызбай ауданында 512 трансформаторлық қосалқы станцияның 282-сі жеке меншікте, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеке қосалқы станциялардың бағасы орташа қалалық тарифтерден 2 есе жоғары. Тозу 80% құрайды.

«Трансформаторлық қосалқы станциялар мен желілерді коммуналдық меншікке беру процесі жүріп жатыр. Бүгінде 80-і «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ балансына берілді, 39 (80 км желі) дайын және жақын арада берілетін болады», -деді мегаполис басшысы бүгінгі тұрғындармен кездесуде.