Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты - Үкімет басшысы

Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты - Үкімет басшысы Сурет: Egemen.kz

Ғылымды басқару моделі қайта ретке келтіріле бастады.


Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен Ұлттық ғылым академиясы құрылды. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылады. 2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде биылғы жылы 149 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп», - деді Әлихан Смайылов.



Бұдан соң ол өткен жылы 1 700 жетекші ғалымның жалақысы 70%-ке өскенін еске салды. 



«Жыл сайын жас ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант беріле бастады. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей мемлекеттік қаржыландыруға ауыстырылды», - деді Үкімет басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51