Зақымданған су құбыры қалпына келтірілді

Зақымданған су құбыры қалпына келтірілді
almaty-akshamy.kz

Көкқайнар шағын ауданының Мәмбетов көшесіндегі зақымданған су құбыры 23 қараша күні сағат 21.00-де ретке келтірілді

Еске салсалсақ, Алатау ауданының Көкқайнар шағын ауданында бір күн бұрын 1960 жылы салынған құдықтағы бекіту арматурасы зақымдалып, су сыртқа атқылаған. 

Диспетчерлік бөлмеге өтініш сағат 15:30-да келіп түскен, апаттық қызмет оқиға орнына сағат 15.55-те жеткен. «Алматы Су» МКК қызметкерлері зақымдануды 21.00-де жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Нөсерлі жаңбырдың және су бұру жүйесінің болмауы салдарынан осы жердегі үйлердің 15-ке жуық аула аумағын су басып қалған. Аудан әкімдігінің қызметкерлері жағдайды зерделеу үшін су басу учаскесінің аймағында аулаларды аралап шықты. 
Абоненттерді сумен жабдықтауды ретке келтірілген, ЖЭО-2 штаттық режимде жұмыс істеуде.

Көмек көрсетудің барлық мәселелері бойынша «Алматы Су» МКК нөміріне қоңырау шалуға болады: 8(727) 379 73 85, 8(727) 379 73 82, диспетчерлік қызмет орталығы - 8 (727) 274 66 66.

Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 55,8 %, кәріз желілерінің тозуы 57.5% құрайды. Жаңа желілердің іске қосылуы тозуды төмендетуде.