Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды
Сурет: автор

Жақында Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында суретшінің 120 жылдығына орай тағылымды шара өтті.

Ән мен күй әуелеген жиында балалар шығармашылығының көрмесі қортындыланып, жүлдегерлер марапатталды. Алматы қаласындағы №199 мектептің бір топ оқушылары «Анимация» аталымы бойынша үздік деп танылды.   

«Командалық жұмысымыздың жоғары бағаланғанына қуаныштымыз. Бейнелеу өнері – кешегі және бүгінгі ұрпақтар сабақтастығы, үздік идеялар жемісі», – дейді талапкер өрендер.

«Әбілхан Қастеев – ғасыр мұрасы» көрмесі суретші болмысын жан-жақты ашты. XX ғасырдың аса көрнекті суретшісі ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін көркем пейзаж ретінде кестелеп, тарихи тұлғалар портретін салған. Әбәлхан Қастеев қылқаламмен тарих бетінде мәңгі ізін қалдырды.