Үздіктер қатарындағы үш қыз

Үздіктер қатарындағы үш қыз
gov.kz

Еліміздің əйелдер құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.

Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сондай-ақ Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.